Северо-Казахстанский областной историко-краеведческий музей

Категории раздела

Мои статьи [82]

Статистика

Погода

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Жас тарихшылар, культурологтар, музей қызметкерлерінің халықаралық мектебі

 2017ж тамызында «Солтүстік Қазақстан облысының орыс қоғамының» және «Россотрудничество» ұйымы филиалының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облыстық музейіне «Жас тарихшылар, культурологтар, музей қызметкерлерінің халықаралық мектебі» жұмысына қатысуға ұсыныс түсті. Мектеп жұмысы 2017 ж.қыркүйегінің 2-нен 7-не дейін Ресей Федерациясының Пермь қ. өтті Бұл сапарға ТМД елдерінің ғылыми қоғамдарының өкілдері қатысуға тиіс еді, жас шамасы - 25-35-тегілер. Солтүстік Қазақстан облысынан 2 адам -. Горбацевич Ирина Владимировна -Солтүстік Қазақстан облыстық музейінің маманы және Колесникова Елена Васильевна - «И.П.Шуховтың музей – үйі» әдеби-мемориалдық музейінің экскурсия жүргізушісітаңдап алынды.


2017ж. 2қыркүйегінде Пермь қ. халықаралық мектеп қатысушыларының жиналысы болды, оған Түркиядан (1 өкіл), Әзірбайжаннан (1 өкіл), Молдавиядан (3 өкіл), Қазақстаннан (3 өкіл), Тәжікстаннан (2 өкіл), Белоруссиядан (3өкіл), Қырғызстаннан (2өкіл), барлығы 15 адам, оларға Пермь ЖОО студенттері қосылды. Халықаралық мектеп жұмысының бағдарламасымен, ТМД елдерінен келген әріптестермен танысқан соң «Пермь халықаралық марафонының» салтанатты ашылуына қатысып , Кама өзені бойында қыдырдық.


3 қыркүйекте қала орталығының алаңында «Пермь кезеңі» Жастар форумының салтанатты ашылуы болды , онда Ресей Федерациясының қоғам , саяси қайраткерлері, атақты спортсмендері сөз сөйледі.Форум шеңберінде дәрістер оқылып, дөңгелек үстелдер жұмыс істеді,онда 1917 жылдың ақпан және қазан революциясының оқиғалары талқыланды,жұмыс барысында өткізілген шеберлік сағаттары тарихшылар мен музей қызметкерлері үшін пайдалы да қызықты болды.


4 қыркүйекте қатысушылар Чусов ауданындағы Кучино д. Саяси қуғын-сүргіндердің  Мемориальдық кешенінде болды.  Экскурсия барысында ерекше және қатаң режим учаскелерін көрдік. Мемориалдық кешен өте толқытты, жүрегімізде ұмытылмас із қалдырды. Кешен бұрынғы лагерьде «Пермь -36»  орналасқан. ( 1972 ж. құрылды.).


5 қыркүйектің таңы автобуспен Пермь қ. тамаша жерлерін аралаудан басталды. Экскурсия жүргізуші Н.Степанованың ежелгі қала Пермь туралы әңгімесі тыңдаушыларын қызықтырып, тартымды болды. Экскурсия барысында «Декабрьское вооружённое восстание 1905 г. в Мотовилихе» Музей –Диорамасында,  №11гимназиядағы  С.П.Дягилевтің өмір жолына арналған мемориалдық музейде болдық, бұрынғы соборда орналасқан Пермь көркемдік галереясын, Пермь синематекасын көрдік.


Осы күннің кеші Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрында «Жизель» қойылымын тамашалаумен аяқталды.Осындай кездесулер пайдалы екені сөзсіз. Кездесу мақсаты  бірлесіп жұмыс істеу екенін ұмытпаған жөн. 2017ж.7қыркүйегінде қатысушылар тараса да, бұл кездесу жаңа қарым-қатынасқа әкелуі мүмкін.
Осы жиылысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін «Россотрудничество» және
 Солтүстік Қазақстан облысының орыс қоғамына алғысымызды айтамыз.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: skomo (18.09.2017)
Просмотров: 1041

Форма входа

Поиск

Мы в социальных сетях

мы в Facebook

Наш инстаграм

Наш YouTube канал

Киелі Қызылжар

Последние новости

[01.04.2021]
«Жас Алаш» 100 жыл (0)
[19.03.2021]
музей қорына экспонаттарды беру рәсімі (0)
[18.03.2021]
«Игі істер күні» / «День добрых дел» (0)
[03.03.2021]
Открытие выставки «Время. События. Люди.» (0)
[24.12.2020]
«Музейге сый» акциясы (0)

Полезное

Друзья сайта

  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Музей изобразительных искусств