Северо-Казахстанский областной историко-краеведческий музей

Категории раздела

Мои статьи [82]

Статистика

Погода

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының 2017 жылғы  «19» қаңтар № 13-нқ  бұйрығымен бекітілген

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт 

 

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: мәдениет, архивтер және құжаттама.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  1. Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама саласында жұмыс істейтін тұлғалардың жүріп тұру (әрекет ету) қағидалары.

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта көрсетілген салада жеке мен заңды  тұлғалардың құқықтарын және заңды  мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

 - Қазақстан Республикасы  Президентінің саясатын ұстанып іске асыру; 

          - Қазақстан халқы бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға себептесу, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін  құрметтеу;

- адал, әділетті, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтар мен әріптестермен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болу;

- тұрғындардың  мемлекеттік қызмет алушы ретінде  сұрауларына бейімделе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша үнемі шара қолдану;

- мемлекеттік қызметті алуға қатысты түскен өтініштерді, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын  қарау кезінде кешіктіру фактілеріне жол бермей, белгіленген ауқытта ұсыну;

- мемлекеттік қызмет алуға өтініш бергендермен  қызметтік емес қатынастар құрмауға;

- құқық бұзушылық және қылмыс жасауға тарту әрекеті туралы басшыға хабарлау; 

- «бір терезе» қағидасын ұстану,  мемлекеттік қызметті, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын  алушымен тікелей байланысты барынша азайту;

- мемлекеттік қызметті көрсету, лицензия немесе рұқсат құжаттарын алу үшін  бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттардың ұсынылуын талап етпеу және  сұратпау;

- қызметті алушылардан ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды талап етпеу:

- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету  туралы қарауға қабылданған өтініштер, оларды қарау ахуалы  туралы мәліметтерді уақытында    енгізу;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін  сақтау мен қорғау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдақор мүдделерді басшылыққа алмау;

- маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүру; 

басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеу және көтермелемеу;

- әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеу;  қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмау;   мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау; 
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту; сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндау; орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күдіктілігі туралы тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлау; 

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерінен талап ету; 
  - кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстану; 

- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау тиіс.

        3.2.  өз құзыреті шегінде  басқару және  басқа шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде

- заңды және жеке тұлғалардың  заңды мүдделеріне қатысы бар қабылданған шешімдердің айқындығын қамтамасыз ету. Басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді.  

- рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету; 

- қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау; 
 

- арамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу; 

- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту; нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу; 

- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

- қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;  

- қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу; 

- қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау; 

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау; 

- қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою; 

- қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру; 

- қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу ұсынылады.

 3.3. нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде

- заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау; 

- қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, ішкі істер органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу; 

- үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүру тиіс.

 3.4. тіршілік саласының ерекшеліктеріне байланысты  туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға.

4. Басқа шектуелер мен тыйымдар  

- қадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшыларға меритократия қағидаттарын сақтау кеңес етіледі;

- тағайындауға материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау;  қызметке қабылдау кезінде қызметкеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру.

Категория: Мои статьи | Добавил: skomo (30.01.2017)
Просмотров: 1062

Форма входа

Поиск

Мы в социальных сетях

мы в Facebook

Наш инстаграм

Наш YouTube канал

Киелі Қызылжар

Последние новости

[01.04.2021]
«Жас Алаш» 100 жыл (0)
[19.03.2021]
музей қорына экспонаттарды беру рәсімі (0)
[18.03.2021]
«Игі істер күні» / «День добрых дел» (0)
[03.03.2021]
Открытие выставки «Время. События. Люди.» (0)
[24.12.2020]
«Музейге сый» акциясы (0)

Полезное

Друзья сайта

  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Музей изобразительных искусств