Северо-Казахстанский областной историко-краеведческий музей

Категории раздела

Мои статьи [82]

Статистика

Погода

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

«Ең әдемі киім – ұлттық киім»

 

Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдерінің өздік ерекшеліктері бар. Олардың көбі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Қазақтардың әлеуметтік деңгейін әйелдердің киіміне қарап анықтауға болатын, сол себепті де олардың киімдері ер адамдардың киімдерімен салыстырғанда қымбат матадан тігіліп, асыл тастармен әрлендірліген. Негізінде қазақ қыздары жастайынан ұлттық киімдерді киді. Тіпті жаңа туған баланы да әдейі киіндіріп қоятыны бар еді. Олар өміріндегі белгілі бір себепке орай белгілі ұлттық киім киетін. Қиімнің үлгісі қыздың жасына және мәртебесі мен дәрежесіне байланысты болған. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ әйелдірінің киімінің бірнеше үлгілері сақталған. Олардың ішінді аса құңды жәдігерлердің бірі -  орта жастағы әйел киімінің толық жинағы деп айтуға болады. Енді әрбір  үлгіге тоқталып кетейік:

Кимешек - Келіншек алғаш рет балалы болғанда орамал емес, оның орнына кимешек кие бастаған. Кимешекті кию құрметке ие болу деп саналған, яғни келіншектің нәрестені дүниеге әкеліп жұбайының ұрпағын жалғастыруға мүмкіндік беретіні үшін қадірленген. Қазақтың нақылы: «Кимешек киім ғана емес – мәртебе. Кигеннің ажарын ашады, қарағанның мысын басады»  деп бекерден бекер айтпайды ғой. Сонымен қатар, баланы емізіп отырғанда ананың кеудесі ашылып қалмас үшін кимешекті киген деп айтады. Осылай кимешек ана болғанның белгісі деп есептеледі. Жас әйелдер кимешектерін түрлі оюлармен, өрнектермен әшекейлеп, сәндеп киген. Негізінде кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен көбірек пішіліп әйелдің басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады. Әйелдің жасына жас қосыла бере, оның кимешегі де қарапаыймырақ бола бастайды. Қазақстанның жерінде бұл бас киімнің әр алуан түрі бар, яғни түрлі жерде оны басқалай, өзгеше тағады.

Біздің қорымызда сақталған кимешек Солтүстік Қазақстан өніріне тән. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет — әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын "шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын "жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. "Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады.     Әйел дүниеге екінші баланы әкелгенде, оның кимешегінің үстіне шылауыш жабады.  Шылауыш дегеніміз кимешектің үстіне тағылатын үлкен ақ орамал. Осы шылауышты төбелдірік атты ою-өрнекпен кестелеп, оны қымбат тастармен әрлендірілген түйреуішпен қадап қоятын. Кимешек аса ыңғайлы бас киім екенін дәлелдейтін факт, әйелдердің кимешек киіп түрлі үй жұмыстарын атқарғаны, олардың осы бас киімді киіп тойға, қонаққа аттануы, яғни әрдайым оны киюі.

Қамзол - әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарынан тұрады. Біздің камзолымыз қызыл-қошқыл жолақты пүліштен тігілген. Түсті гүл оюмен безендірілген сиса матасымен астарланған. Асты мен сырттың түстері қызыл. Осындай түсті маталар арнайы таңдалды. Жағасы, қалталары және етегінің төмеңгі жағы қара жіппен, 2 қатар машиналық тігіспен тігілген. 3 жарма қалтасы бар. Қалталардың ұзындығы 13,5 см, ал ені 7 см. Арқасы 2 бөлікті қосып тігілген. Етегі 2 жағынан да бірдей және астына қарай кеңетіліп тігілген. Ал кеуде жағы кішкені қысыңқы. Қамзол 20 ғ 50-ші жылдары музейімізге тапсырылды. Оны тапсырған Қазиева Қабида Сәдуақасқызы 1931 жылы с Николаевка селосында дүниеге келген.

Көйлек - Қазақтың әдет-ғұрып салты бойынша бала туған әйелдердің көйлегі қыздардың көйлегіне қарағанда етегі ұзын болған. Егер де әйел орта жасқа келіп қалса, ол біраз бостау киім-кешек киетін, белі мен жеңі кең болып бүріледі және де бұрынғыдай қос етек емес, тек қана бір етегі бар көйлек. Бала туған келіншектер көйлектерінің жақтарын жас қыздар сияқты оқаламайды, жай ғана кестелейді. Біздің көйлегіміз жағасы тік, әдімі өсімдік оюмен кестелеген. Бұл ою Солтүстік Қазақстан  өніріне тән және басқа мата бұйымдарында жиі кездеседі. Қызыл гүлдер мен қоңыр– сары жапырақтарды бейнелейді. Көйлегіміз орта бойлы әйелге тігілен.

 Аяқ киім - Аяқтарына көбінесе мәсі киетін. Мәсі былғарыдан тігіледі. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық киілуі қажет. Бұл аяқ киім өте жұмсақ және жеңіл, сол себепті де оны кию өте ыңғайлы деп есептелген.

Музейімізде аяқ киімнің тағы бір түрі сақталды. Бұл - кебіс. Кебісті 1917 жылы Жаңа-Арқа ауданының №6 ауылында Закария атты шебер жасаған.  Ол шебер тапсырыс бойынша қыздың ұзатқалы отырған  ата-анасы  бір түйенің бағасымен сатып алған. Деректер бойынша  кебісті 1917 ж. Мусина деген кісіден музей сатып алды. Кебістің жасалуы: ірі қара мал терісінен жасалған және үсті таза күміспен көмкерілген. Бұл аяқ киімінің ерекшелігі оң және сол болып бөлінбейді.

 

 

Джунусова С.С. – Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің   кіші ғылыми қызметкері.

Категория: Мои статьи | Добавил: skomo (25.05.2020)
Просмотров: 730

Форма входа

Поиск

Мы в социальных сетях

мы в Facebook

Наш инстаграм

Наш YouTube канал

Киелі Қызылжар

Последние новости

[01.04.2021]
«Жас Алаш» 100 жыл (0)
[19.03.2021]
музей қорына экспонаттарды беру рәсімі (0)
[18.03.2021]
«Игі істер күні» / «День добрых дел» (0)
[03.03.2021]
Открытие выставки «Время. События. Люди.» (0)
[24.12.2020]
«Музейге сый» акциясы (0)

Полезное

Друзья сайта

  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Музей изобразительных искусств